Пилоттық жоба
Jumys Tap жобас арқылы Қарағанды тұрғындары жаңа мамандықтарды меңгере алады. Пилоттық жоба 25 маусымнан бастап қолданыста. Қазірдің өзінде 200-ден астам адам өтінім беріп үлгерді. Бұл дегеніміз – қысқа мерзімді курстар.
Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1 000 адам қысқа мерзімді курстарда білім ала алады. Бұл тұрғындар үшін жаңа мүмкіндік. Қазірдің өзінде көптеген өтініш легі қабылданған. Jumys Tap жобасы арқылы шаһар тұрғындары газ маманы, токарь, электрик, кондитер, сайт жасаушы, бейнемонтажер, мобилограф, тігінші, аспаз, шаштараз және СММ мамандығын игере алады. Жоба ресми тіркелген және тіркелмеген жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды, студенттерді, зейнеткерлерді, қосымша кәсіп игеруге немесе жұмыс орнын ауыстыруға және оқытуға бағытталған. Айта кету керек, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қазіргі күнде 247 адам өтініш білдірген.
– 25 маусымнан бастап Jumys Tap пилоттық жобасы іске қосылды. Ол ресми тіркелген және тіркелмеген жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды, студенттерді, зейнеткерлерді, қосымша кәсіп игеруге немесе жұмыс орнын ауыстыруға ниет білдірген азаматтарды жұмысқа орналастыруға және оқытуға бағытталған. Бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға 247 адам жазылды. Жыл соңына дейін біз мың адамды оқытуды жоспарлап отырмыз, – дейді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.
Мансаптық орталықтарда ресми тіркелген жұмыссыз азаматтарға ғана әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Ал Jumys Tap жобасы аясында мәртебесіне жасына және тіркеудің бар-жоғына қарамастан оқытып, жұмысқа орналасуға жәрдемдесе алады.
Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»