Табиғатты аялайық

Сізді камераға түсіріп жатыр. Федоров саяжайларына тұрақтаған қала тұрғындары демалушылардың өрескел қылықтарынан мезі болған. Көлге демалуға келгендер, қоқыс қалдықтарын тастап кетуді әдетке айналдырды деп наразылықтарын жеткізуде.

Федоров саяжайларындағы тұрғындар көптеген бейнежазбаны түсірген. Көлге демалуға келген тұрғындар адамдық келбетін жоғалтып алатын көрінеді. Кейбіреулері көлікпен, ал басқалары жаяу жалпылы су қоймасына қарай келіп, өздеріне ыңғайлы жерден орын іздеу жарысын бастайды екен. Одан әрі тамақтану үдерісі, әуенді барынша қатты дауысына қойып билеу, еркін сейіл құру, суға түсу және кетер кезінде отырған орындарын жинастырмай қоқыстарды қалдырады. Мәдениетті болып көрінгісі келетін кейбіреулер қоқыстарды қапшыққа жинап, көліктің жүк салғышына салып, ешкім байқамайтын жерге келгенде қоқысты саяжай шарбақтарының астындағы бұталарға тастай салады. Мұның барлығы саяжай маңындағы камералар назарынан тыс қалмайды.

– Демалуға келгендер жиі келеді. Қоқыстарын шашады. Шағымданып біраз жерге бардық. Қоқыс жәшіктерін неге орнатпайды. Біздің қоршауларымызды сындырып, мас күйінде келетіндері де бар. Жанайқайымызды тыңдайтын жан баласы жоқ, – дейді саяжай иесі Владимир Бондаренко.

– Түн жарымында төбелес басталады. Өздері ішіп алып, қатты әуенге билейді. Қоқысты өзіміз орнатқан қоршаудан асырып лақтырады. Суға түсуге болмайды деген жазу болған, алып тастапты, – деп қосты тағы бір саяжай иесі Людмила Брусенко.

Белгілі болғандай, ресми қалалық жағажай құтқару станциясының жанында орналасқан, бұл аялдама мен «Натуралист» саяжай қоғамына қарама-қарсы саябақтардың балансында емес және сәйкесінше олар қызмет көрсетпейді, сондықтан мұнда демалушылардың бәрі қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастайды.

– Аталмыш сектор бойынша, Қазыбек би атындағы аудан аппаратында жолды күтіп ұстау бойынша мердігер бар. Жаз мезгілі болған соң, демалушылар мен қоқыс ауқымы көп. Тұрғындарға тазалықты сақтап, табиғатты аялайық дегім келеді. Қоқыс тастайтын орын аялдама жанында бар, – дейді Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Саян Шәкенов.

Саяжай тұрғындары бұл жерде шомылуға мүлдем тыйым салғысы келеді, соның ішінде көліктерді қоюға тыйым салу немесе демалушыларды бақылау және резервуарлар мен дәретхана орнату үшін оны уәкілетті қызмет өкілдеріне тапсыруды талап етеді.

– Өткен жылы осы жерді жасады. Құтқару станциясын орнатты. Менің білуімше, жеті жылда бірінші рет тазалап жағдай жасалды. Қазір қоқыс төгер орынға айналған. Тіпті суға түсуге болмайды деген белгіге қарумен оқ атқан,  – дейді Владимир Бондаренко.

Осы шудан соң еріктілер жағажайды тазартып кетті.

Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»