Әскери ортада қылмысқа орын жоқ
Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімі құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, сондай-ақ діни қызметкерлермен бірлесіп, қосымша жоспар шеңберінде ағымдағы жылдың 3-15 шілде аралығында отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың, суицидтің, сондай-ақ әскери ортадағы экстремизм мен терроризмнің деструктивті идеологиясының алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуде.
Әскер қатарына шақырылған сарбаздар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу туралы тренингіне арнайы мамандардың қатысуымен Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов арнайы сұқбат өрбітті. 31775 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері арасында өткізілген сұқбаттың басты мақсаты: жағымды эмоционалдық жағдай қалыптастыру, шараға қатысушылардың ішкі сана сезімін түсіну, өзін-өзі қол жұмсаудың алдын алу, өмірге құлшынысын ояту. «Жастар арасындағы суицид мәселесі» атты іс-шара барысында суицидиолог, дәрігер-психиатр жас сарбаздарға өзіне-өзі қол жұмсау қолайсыз жағдайларға, үлкендер тарапынан болатын қысымдарға, кейде мамандардың әдепсіз қылықтарынан, достары мен қатарластарының дау-дамай мәселесі, өзара реніш, жағдайда туындайтындығын көрсетті. Өзін-өзі қол жұмсау превенциясы бойынша өткізілген сұқбат барысында тәртіп сақшысы мен дәрігер-психиатр «Өмір құндылығы неде?» тақырыбында жиынға қатысушылардан қысқаша шығармалар жазып алды. Сондай ақ дөңгелек үстел барысында теолог маман зайырлы мемлекет, діни экстремизм мен терроризм ұғымдары, деструктивті діни ағымдардың және ғаламтор желісі арқылы діни білім алудың қауіптілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сот шешімі бойынша тыйым салынған экстремистік, террористік ұйымдар туралы кеңінен ақпарат берді.
— Бүгінгі шараның басты мақсаты, сарбаздарымызға теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу туралы терең түсінік беру. Сондай-ақ еліміздің жастары бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсінуі керек. Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап 31775 әскери бөлімінің жеке құрамына көкейіндегі сұрақтарына толық жауап берді деп ойлаймын, — дейді Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов.