Алаяқтықтан қорғау: технологиялар кредиттеу тәсілін өзгертіп жатыр

Жеке деректердің қауіпсіздігі және алаяқтықтан қорғау – Қазақстандағы кредиттеу нарығы және бүтіндей қаржы секторы үшін басты мәселе болып отыр. Технологиялардың осы саланы қалай өзгертетінін және азаматтар үшін кредиттеуді барынша қауіпсіз ететіндігін «Робокэш.кз» МҚҰ-ның (Займер бренді) мамандары айтатын болады.  

Бұрынғы жылдары қаржы нарығындағы күрделі мәселелердің бірі қарыздардың үшінші тұлғалармен рәсімделуі еді. Алаяқтықтың мұндай түрі банк нарығында және МҚҰ-ның сегментінде болып отырды. Кейде бейқам жүрген қазақстандықтар өз атына кредит рәсімделгені туралы қарыздары мерзімі өткеннен соң, ал кей жағдайларда коллекторлық агенттікке табысталғаннан кейін ғана біліп жатты.

Бүгін бұл мәселе қорғаныстың дәстүрлі әдістерінің орнына келген биометриялық сәйкестендірудің көмегімен тиімді шешіліп жүр. Осы бір технологияны қолдануда алаяқтық қаупі іс жүзінде орын алмайды.

«Бүгінгі күні биометрия қаржы ұйымдарында белсенді түрде қолданылады. Бір жағынан бұл алаяқтық қаупін азайтуға мүмкіндік береді, екінші жағынан клиенттердің деректерін сенімдірек қорғауды қамтамасыз етеді. Мысалы, сіз сайтта немесе МҚҰ-ның, не болмаса банктің қосымшасында бірінші рет авторизациядан өтсеңіз, онда сізге смс-код арқылы емес, биометрияның көмегімен тіркелуді ұсынады. Әдетте, ол үшін бетіңізді онлайн режимде суретке түсіруіңіз, не болмаса бейне тексерістен өтуіңіз қажет» екендігін Займер айтып ескертеді.

Технологиялар азаматтардың деректерін қалай қорғауға мүмкіндік береді?

Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні жеке деректерді қорғау құралы ретінде құпиясөзді ғана қолдану қауіпті. Бұл пайдаланушылардың смартфондарынғы қосымшаға, түрлі сайттарға, жеке поштаға, әлеуметтік желілерге және басқа ресурстарға кіру үшін көбінесе бірдей комбинацияларды енгізетіндігімен байланысты. Осылайша, сіздің кез келген аккаунтыңызды бұзып, қаскүнем шын мәнінде, сіздің жеке ақпаратыңыздың барлығына қол жеткізеді.

Құпиясөздерге қарағанда биометрия адамды бірегейлігіне, өзіндік ерекшелігіне қарай сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Беті мен саусақ іздерінен бөлек, бұл көз торы немесе дауысы болу мүмкін. Мұндай технология алаяқтардың басқа адамға кредит рәсімдемеуіне мүмкіндік береді.

«Робокэш.кз» МҚҰ-ның (Займер бренді) бас директоры Алмаз Торутаевтың сөзінше, компания МҚҰ-дағы клиенттердің биометриялық деректерін тексеретін сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығымен (СДАО) серіктестікті орнатқандардың бірі.

“СДАО – бұл клиенттер бойынша ақпарат беретін мемлекеттік база. Биометрияда клиентті сәйкестендіру келесідей жолмен орындалады – клиент өзінің бетін смартфонға немесе басқа гаджетке жақындатады және онлайн режимде суретке түседі, біз арнайы сервис арқылы мұның алаяқтар қолданатын статикалық суреті емес, керісінше тірі адам екенін анықтаймыз. Осы суретті СДАО-ға жібереміз. Ары қарай сурет базадағы ақпаратпен салыстырылады, егер сәйкестік деңгейі жоғары болса, онда біз клиент туралы толық деректі аламыз”, — деді Алмаз Торутаев.

Бұл ретте қарыздарды алуға өтінімді беру үшін нақты уақыт режимінде жасалған суретті ғана қолдануға болатынын ескерген жөн. Бұл ақпаратты жүйе автоматты түрде салыстырады.

Осылайша, биометрияның көмегімен МҚҰ-да қарыздарды алу процесі мейлінше ыңғайлы, ал ең маңыздысы – барлық қазақстандықтар үшін қауіпсіз бола түсті.

Займерде деректерді қорғау үшін биометриядан бөлек, екі факторлы аутентификация қолданылатыны атап айтылды. Бұл екі кезеңнен тұратын, аккаунттарға қолжеткізуді бақылаудың кең таралған технологиясы. Біріншісі логин мен құпиясөзді енгізу, екіншісі пошта, смс-код немесе қосымша әдіс арқылы жеке басын растау. Одан бөлек, әр клиенттің құпия деректері компанияның ішінде де жақсы қорғалған. Бұл үшін деректерді шифрлау қолданылады. Басқаша айтсақ, серверде ТАӘ-ны, телефон нөмірлерін және басқа мәліметтерді қоса алғанда, адам туралы барлық ақпарат кодтар түрінде сақталады, ал бұл өз кезегінде қаскүнемдерге немесе бөгде адамдарға қарыздарды рәсімдеу мүмкіндігін болдырмайды.