Жаһандық жалпыұлттық сенбілік
TURAQTY JOL экологиялық акциясы Қазақстан азаматтарын біріктіреді.
29 маусымда сағат 10:00-де Қарағанды қаласы Жамбыл көшесі және Гагарин даңғылында TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқанының V мерейтойлық циклі аясында Жаһандық жалпыұлттық сенбілік өтеді. Көптеген қызығушылық танытқан адамдарды жинайтын іс-шараның мақсаты — жастардың экологиялық мәдениетін арттыру арқылы туған өлкенің және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту.
Жаһандық сенбілік — эконауқанды жүзеге асырудың маңызды кезеңі болып табылады. Оның айрықша ерекшелігі – Қазақстанның барлық аймақтарында бір мезгілде жүзеге асыру ауқымы. Ұйымдастырушылар Қарағанды қаласының барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарын осы игі бастамаға қосылуға және тұрақты болашақты құруға үлес қосу арқылы өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырады.
TURAQTY JOL — бұл мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын тәрбиелік бастама.
Бұл бағдарлама — Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясының бас серіктесі ЦентрКредит Банкі және ресми серіктесі Chevron компаниясымен ынтымақтастықта табысты жүзеге асырылған жобаның төрт циклінің жалғасы болып табылады.
Жобаның іске асырылуы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі және Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
Жобаның ақпараттық серіктестері: Alash Media Group және NurMedia холдингтері.
Науқан аяқталғаннан кейін жиналған қоқыс қайта өңдеу үшін жергілікті компанияларға беріледі. Ұйымдастырушылар жаһандық жалпыұлттық сенбілік еліміздің барлық аймақтарында тазалық пен экологиялық әл-ауқатқа ұмтылу үшін бірнеше мың адамды біріктіреді деп күтеді.