Құрбан айт мейрамы
Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санау ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдің) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.
Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-ында айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер аспан бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұл-хижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал Құрбан айт 16 маусымға сай келеді.
Сонымен, алдағы жексенбі, яғни 16 маусым – Құрбан айт мейрамының бірінші күні.
Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят), – деп бұйырған.
Осыған орай қаламызда Құрбан айт кезінде мал союға арналған орындар анықталды.
Қарағандыда мал союға арналған үш орын бар, олар келесі мекенжайларда орналасқан:
– Резник көшесі, 18 (ЖК «Абишев А.О.»);
– Гоголь көшесі, 2/23 («Арай KZ» ЖШС);
– С.Сейфуллин көшесі, 53 («Хасенов К.С.» ШҚ).