Әдепті болған ұтылмас

2024 жылдың 27 мамырында Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Айдос Рашидұлы Мағауияның төрағалық етуімен департаменттің және аумақтық статистика басқармаларының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін «Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбау, қоластындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру» тақырыбында семинар өтті.

Cеминар барысында мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қараудың үлгісі болуға міндетті екені, құмаройындар ойнайтын жерлерге баруға тыйым салынғаны жайында қызу талқылау болды.

Жиналысқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Бақтияр Мағзұмұлы Макеев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-ағарту пулының спикері Бейбіт Қайыржанұлы Жұмабеков қатысты.

Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің ақпараты негізінде