Мемлекеттік аудит қорытындысы

2024 жылғы 11 сәуірде Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-сында департамент және аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысын (бейнеконференция арқылы) өткізді.


Шараға Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Валентина Александрова, №2 мемлекеттік аудит басқармасының басшысы – мемлекеттік аудитор Сералы Нәбиев, Тексеру комиссиясының Қарағанды облысы бойынша басқармасының тексеру тобының басшысы, бас инспектор – мемлекеттік аудитор Ермек Ибикенов, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары мен басшы орынбасарлары және мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары мен басшы орынбасарлары қатысты.

Жиын барысында қатысушылар мемлекеттік аудит нәтижелерін, жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің қалыптасуын (салық түсімдері) және мемлекеттік кірістер органдарының жергілікті уәкілетті органдармен өзара әрекеттестігі, сондай-ақ Қарағанды облысының жергілікті бюджеттеріне есептелуге жататын салықтарды әкімшілендіру мәселелерін талқылады.

Облыстың мемлекеттік кірістер органдарының ерекше назарына, салықтық әкімшілендіру мен салық салу объектілерінің салық есебіне мәселені дер кезінде анықтауға бағытталған жұмысты жақсарту, салық төлемдерінің толықтығы және уақытылы есепке алу мен бақылау тетігін жетілдіру, салық төлеуден жалтарған адамдар мен ұйымдарға әкімшілік шаралар жүйесін қолдануы талап етіледі.

Жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің өсуі, олардың салықтық әлеуетін нығайтуы, бюджетке түсетін түсімдердің ішкі резервтерін, оның ішінде бақылаудың тиімділігін арттыру есебінен іздестірудің салық органдары мен мемлекеттік аудит органдарының бірлескен күш-жігерімен шешілуі тиіс міндет екені аталып өтілді.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы