ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ

Ғылым мен білім – қазіргі замандағы шындық жағдайында қоғам дамуының ең маңызды факторлары. Осындай атаумен Орталық Қазақстан академиясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Орталық Қазақстан академиясы дәстүрлі түрде он бірінші рет ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. 12 сәуір мұндай шара үшін шын мәнінде ерекше күн екенін айтады шараны ұйымдастырушылар. Дәл осы күні бірден бірнеше шара аталып өтті. Атап айтқанда: Космонавтика күні, Қазақстан ғылымы қызметкерлерінің күні және Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының профессоры тоқталып өткендей, пленарлық отырыста және секциялар жұмысы аясында құқық қорғау, заңнаманы реформалау қызметін жетілдіру мәселелері қарастырылды.

– Орталық Қазақстан академиясының оқытушылары халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып, бірлескен ғылыми іс-шараларға, соның ішінде ғылыми-зерттеулерге жүйелі түрде қатысып, тәжірибелерін бөлісіп, әріптестерінің тәжірибесін игеруде. Біз конструктивті диалогке және заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жөнінде қажетті ұсыныстар әзірлеуге үміттенеміз, – деп атап өтті Орталық Қазақстан академиясының қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының профессоры Игорь Кондратьев.

Биылғы жылы дәстүрлі түрде Орталық Қазақстан академиясында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға 115-ке жуық шетелдік және отандық автор ұсынған 100 ғылыми баяндаманың 90-ы ұсынылды. Конференцияға 14 ғылым докторы, 38 кандидат, 17 профессор, 50-ден астам доцент және магистранттар мен студенттер қатысты.

– Бүгінгі конференция барынша нәтижелі болды. Көптеген өзекті мәселені талқыладық, әріптестеріміздің баяндамаларын тыңдадық, көңілімнен шықты. Қоғамның дамуы ғылым мен білімнің дамуына байланысты. Ал еліміздің алдында үлкен міндеттер тұр. Бүгінгі таңда бұл салаларды ел дамуында ұтымды пайдалану үшін дамыту керек, бұл өте маңызды, – деп Орталық Қазақстан академиясының профессоры Шыныбек Құсайынов ой бөлісті.

Конференция дәстүрлі түрде гибридті форматта өтті. Қоғам дамуының негізгі факторларын талқылауға 9 елден 60-тан астам ғылыми өкіл қатысты. Олардың арасында Финляндия, Франция, Германия, Чехия және ТМД елдерінің өкілдері бар. Конференция жұмысы секциялық отырыстарда жалғасты. Шара соңында нәтижелі ғылыми еңбектер, мақалалар мен баяндамалар жинағы жарияланып, ғылыми кітапхананың сайтында және Ресейдің ғылыми дәйексөздер индексінде орналастырылатынын атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ,«QH»