КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕРДЕГІ ӨЗГЕРІС

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде хабарланғандай, Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы №2 қаулысына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, компьютерлік және боулинг клубтарының жұмыс уақыты Қарағанды қаласының тұрғындары мен «Ashyq» жобасының қатысушылары үшін 12.00-ден 24.00-ге дейін белгіленді. Ал, мектепке даярлық топтардың, 1-5, халықаралық мектептердің 1-7 сыныптарының 25 оқушысы бір уақытта дәстүрлі форматта білім ала алады.
Департамент медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда тәжірибе бастамас бұрын ПТР-тестілеуден өтуі керек деп мәлімдеді.
Сонымен бірге, қалалар мен аудандардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №4 қаулысындағы 4-қосымшаға сәйкес критерийлерге негізделген әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің шектелуін қамтамасыз етуі керек. Тағы ескеретін жайт, шектеу шараларын күшейту эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда («жасыл» аймақтан «сарыға» немесе «сары» аймақтан «қызылға» ауысу) 5 күнде, ал карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткеннен кейін кем дегенде 7 күн ішінде жүзеге асырылады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН