160 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен және жұмыспен қамтылады

Биыл, алдын ала мәліметтер бойынша, Қарағанды облысында жазғы демалыспен және жұмыспен шамамен 160 мың оқушыны қамту жоспарлануда. Сауықтыру қала сыртындағы 9 сауықтыру лагерінің, оның ішінде 5 мемлекеттік органның базасында жүзеге асырылатын болады.

– Өңірде тамақтандыруды ұйымдастырумен мектеп жанындағы 423 лагерь және бейінді мектеп жанындағы 452 алаң тамақтандырусыз жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ мектеп жанындағы лагерьлер тамақтанатын арнайы мектеп-интернаттарда ұйымдастырылады. Жазғы демалыспен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 2 мыңнан астам бала қамтылады. Өткен жылдан бастап «Қазақстан халқына» ҚҚ қаржыландыру есебінен «Жазғы демалыс» жобасы іске асырылуда. Биыл Астанадағы Назарбаев университеті жанындағы «Айналайын» лагерінде және Қарағандыдағы «Салют» балалар сауықтыру лагерінде ауылдық жерлерден оқуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және мектеп өміріне белсенді қатысатын 10 жастан 14 жасқа дейінгі 838 бала демалады. Бұл – түрлі олимпиада мен конкурс қатысушылары, – деп атап өтті Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде.

Құралай ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,«QH»