Вакцинациялау қарқынын күшейту бойынша тапсырма берді
Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин вакцинациялау қарқынын күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
Үкімет басшысы Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында вакциналау қарқынын едәуір күшейтуді тапсырды. Премьер-Министр жаңа оқу жылына дайындық аясында 25 тамызға дейін мұғалімдерді вакциналауды аяқтап, оқу орындарының дайындығына бақылауды күшейту қажет екенін атап өтті.
А. Мамин халықтың шектеу шараларын сақтауын одан әрі бақылауды және мониторингтік топтар қызметінің тиімділігін арттыруды, вакциналау қажеттілігі туралы ақпараттық жұмысты кеңейтуді тапсырды.
«Қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде демалыс күндеріне енгізілген локдаун сақталады. «Ashyq» жобасына қатысушылар санын арттыру жұмысы жалғасады. Бүгінгі таңда қосымшаға 4 млн-нан астам пайдаланушы тіркелген, жобаға 111 мың бизнес субъектісі қатысады.
©Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі