Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай бойынша
Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңірлер «қызыл» аймақта орналасқан. Соңғы үш апта ішінде эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Бір апта ішінде орта есеппен 53 мыңға жуық жағдай тіркелген.
1 тамыздан бастап республикада вирустың таралу индексі 14%-ға (1.11-ден 0,97-ге дейін) төмендеді.
Республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың жұмыспен қамтылуы 53%-ды, реанимациялық төсек-орындар 47%-ды құрайды. Жоғары деңгей Ақтөбе облысында — 69%, Қызылорда облысында — 66% және Алматы облысында — 64%.
Бүгінгі күні 120 313 адам коронавирустан ем алуды жалғастыруда, оның ішінде стационарларда 30 123 науқас, амбулаториялық деңгейде 90 190 науқас бар.
Ауыр халде — 1840 науқас, аса ауыр халде — 561, ӨЖЖ аппаратында — 263 пациент.
©Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министр