Қарағандылықтарды «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысуға шақырады
23 наурыз Қазақстанның барлық аймағында «Жер сағаты» акциясы өтеді. Ғаламшардың басты экофлешмобына кез келген адам қатысады. Ол үшін сізге бір сағат (20:30-дан 21:30-ға дейін) жарық пен электр құрылғыларын сөндіріп қою керек.
– Барша облыс тұрғындарын «Жер сағаты – 2024» халықаралық акциясына қатысуға шақырамыз! Табиғи ресурстарды сақтау үшін күресте және қалыптасқан проблемаларды шешу үшін адамдарды біріктіруге шақыратын іс-шараға қатысу ерікті түрде орындалады, – деп хабарлайды Қарағанды облысының Экология департаменті өкілі.
«Жер сағаты» бүкіл әлемде 2007 жылдан бастап Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен өткізіліп келеді. Жаһандық акцияға Қазақстан 2009 жылы қосылды.
Әр түрлі елдің миллиондаған адамы жарық сөндіргенде, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткішінің де жарығы сөндіріледі. Олардың арасында Иса мәсіх мүсіні, Эйфель мұнарасы, Үндістан қақпасы, Биг Бен, Колизей, Бейжіңдегі Феникс орталығы және т.б. бар.
Құралай КӨБЕНОВА, «QH»