Еріктілердің көмегі ерек

Қарағанды облысының әкімі қалалар мен аудандардың басшыларына өрт сөндіру техникасын жаңартуға қаражат бөлуді және ТЖ-ны жоюға еріктілерді мүмкіндігінше көбірек тартуды тапсырды. Шомылу маусымында өрт қаупі жоғары кезеңнен өтудің және өңірдің суайдындарындағы халық қауіпсіздігінің маңызды мәселелері ТЖ жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қаралды.

ӨРТ

Қазіргі уақытта өртке қарсы мемлекеттік қызмет бөлімшелері жоқ жерлерде 201 ЖЗҚ құрылды. Еріктілердің иелігінде 1 300-ден астам автотехника және 100-ден астам өрт сорғысы бар. Алайда ерікті өрт сөндіру құралымдары қажетті техникамен жеткілікті қамтылмаған деп есептейді ТЖ департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов.

– Жергілікті атқарушы органдардың жүргізіп жатқан жұмыстарына қарамастан ЖЗҚ мен өрт сөндіру бекеттерін өртке қарсы жабдықтармен және мүлікпен нашар жарақтандырғаны байқалады. Сондай-ақ әрбір елді мекенде суайдындармен және су беруге арналған жабдықтары бар автомобиль техникасымен қамтамасыз ету қажет, – деді Мұрат Қатпанов.

Өрт сөндірушілерге қажет техника сатып алу барлық қала мен аудан үшін маңызды мәселенің бірі екенін атап өтті облыс әкімі.

– ЖЗҚ-ны арнайы киіммен, өрт сөндіру техникасымен жарақтандыру мәселелері барлығына қатысты. Жыл басында мен өрт сөндірудің алдын алу, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы ТЖ-ның алдын алу және жою жөніндегі іс-шарада тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің кемінде 1%-ы мөлшерінде қаражат көздеуді тапсырдым. Бұл сома аз, бірақ өте маңызды. Қажетті техниканы сатып алыңыздар, өрт сөндірушілерді жабдықтаңыздар! Жыл соңында тапсырмамның қалай орындалатынын тексеремін, – деп ескертті Ермағамбет Бөлекбаев.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы шомылу маусымы кезінде және өрт қаупі бар кезеңде жұмысқа орналасу үшін қоғамдық қызметкерлерді жалдайды. Қазір қалалар мен аудандарға 50 адам жіберілді. Ермағамбет Бөлекбаев бұл жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Сондай-ақ өңір басшысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан шомылуға, суаруға, ауызсу мен тұрмыстық қажеттіліктерге су алуға тыйым салынған орындардың тізімін жеделдете бекітуді талап етті. Қорытынды тізімді 2GIS геосервисіне орналастыру талап етілді.

– Жағажайлардың жер учаскелерін ресімдеу, жағажайлар аумағын абаттандыру бағытында шарт жасасу аяқталғанға дейін халықтың су маңындағы қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етудің қарапайым құралдары, шомылу орындарын жайластыру жөнінде шаралар қабылдасын. Полиция және Көліктік бақылау инспекциясы департаментіне ТЖД-мен бірлесіп суайдындарда жүргізілетін патрульдар санын көбейтуді тапсырамын. Су маңындағы демалыс орындарында азаматтардың қоғамдық тәртіпті бұзуын қатаң түрде тоқтатыңыздар. Мұндай фактілер анықталған жағдайда, құқық бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс, – деді Ермағамбет Бөлекбаев.