ЖАРЫҚТЫҢ БАҒАСЫ ӨСЕДІ

Биыл 1 қыркүйектен бастап Қарағандыда жарықтың бағасы өседі. Бұл туралы «Қарағанды Жылу Сбыт» ЖШС хабарлады.

Тарифтің өсуіне жаңартылатын энергия көздерін қолдауға үстемеақыны арттыру есебінен 2021 жылғы 1 шілдеден бастап энергия беруші ұйымдар беретін электр энергиясының босату бағасын ұлғайту және энергия беруші ұйымдар тарифтерінің өзгеруі – себеп.

Яғни, 1 қыркүйектен бастап жеке және заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдарға 1кВт/сағат бағасы 4,7%-ға өсіру жоспарлануда.

Соңғы шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің құзырында.

Ерболат ЕРБОЛҰЛЫ.