«Халық заңгері» акциясы өтті
26 мамырда Қазақстанның барлық ірі қалаларында жыл сайынғы «Халық заңгері» акциясы өтті.
Қарағанды қаласында акция «Таир» ойын-сауық сауда үйінде өткізілді.
Шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, белгілі заңгерлер мен құқық қорғаушылар ұйымдастырады.
Жобаның мақсаты – азаматтардың, әсіресе халықтың осал топтарына: аз қамтылғандарға, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, шағын және орта бизнес өкілдері, студенттер және басқа да көптеген азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету.
Акцияға орталық және облыстық мемлекеттік органдардың, Қарағанды қаласы әкімдігінің мамандары, заңгерлер, адвокаттар, нотариустар жалпы 50 астам консультанттар және волонтер ретінде облыстағы жоғары оқу орындарының 30-дан астам студенттері қатысты.
Азаматтарға жұмысқа орналасу, тұрғын үй, медициналық ұйым қызметкерлеріне қосымша төлемдер төлеу, азаматтық және қылмыстық істер бойынша кеңестер берілді. Акция аясында 500-ге жуық адам тегін заңгерлік көмек алды