«Көңілім – Көктем»

1 сәуір күні Кеншілер сарайында «Орталық» өңірлік қолбасшылығы Қолбасшысының ауспалы кубогіне арналған «Көнілді тапқырлар алаңы» ойыны өткізілді. Аталмыш шараға еліміздің СҚО, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарынан келген әскери қызметшілер қатысып, өзара бақ сынасты.

Жарысқа:
1) «Ұлт мақтаныштары» 6505 әскери бөлімі Караганда қаласы .
2) «Бір үйдін балалары» 6505 әскери бөлімі Караганда қаласы.
3) «Тәртіп сақшылары» 5451 әскери бөлімі Караганда қаласы.
4) «Көксерек» 5510 әскери бөлімі Кокшетау қаласы.
5) «Прямиком из Костаная» 6697 әскери бөлімі Қостанай қаласы
6) «Юмор в погонах»
6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы.
7) «Step city» 3517 әскери бөлімі Степногорск қаласы.
8) «Крутые берцы» 5516 әскери бөлімі Темиртау қаласынан келген құрама командалары қатысты.
Іс-шараның жүргізушісі болып Қазақстан Республикасы КТА Одағының Қарағанды қаласындағы филиалының бас редакторі Бегім Қантөре болды.

Қазылар алқасынан Қазақстан КВН Одағы Республикалық Жастар Қөғамдық Бірлістігі Қарағанды КВН филиалының директоры Абутаев Ернат әскерилердің арасында өтіп жатқан ойынға ұйымдастырушылыққа жоғарғы баға беріп, әзілдері жарасты сарбаздарды ендігіде бірлесіп тек Орталық өңірінің ғана намысын қорғамай, Республикалық дәрежеде де бірлесе жұмыс атқаруға болатырдығына өз сенімін білдірді.
Ойын барысы келесі тәртіппен және шарттарымен өткізілді:
1. «Сәлемдесу» және «Музықалық номер» бұл байқауда команда сәлемдесу нөмерлерін дайындап, әзіл-оспақ жанрында өзі туралы айтып отырды.
2. «Үй жұмысы». «КӨҢІЛІМ — КӨКТЕМ». Бұл байқауда команда қатысушалары көктемгі маусымда өз бөліністің қызметі туралы миниатюралар мен көріністер дайындап баршаға паш етті.
Әскерилер жалпы қызметтегі оқиғалар, отбасындағы көріністерінде өнер көрсетіп, Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу жолындағы игі істерге де тоқталып өтті.

— Ойынның әділдігі үшін қазылар алқасы кәсіби мамандардан тағайындалған болатын, біздің алдымызда барлықтарыңыз да жеңімпазсыздар. Ел алдындағы борыштарыңа адалдық танытып ел алдында абыройымыз асқақ, бүгінде де күлкіге толы уақыт сыйлап қызметімізде тура сондай жетістіктерге әрқашан жете берейік, барлық ат салысқандарға мың алғыс білдіреміз, деп генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков алғысын білдірді.

Үш сағатқа созылған додада, нәтижелер келесідей болып бөлінді:

жүлделі 3 орын Петропавл қаласынан келген 6637 әскери бөлімінің командасы «Юмор в погонах» командасына бұйырды;

2 орынды Теміртаулық 5516 әскери бөлімінің құрама «Крутые берцы» командасы ұтып алса;

1 орын Қарағандылық 5451 әскери бөлімінің ұландары «Тәртіп сақшылары» командасы өз еншісіне иеленді.

Ал ойынның бас жүлдесі Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының ГРАН-ПРИ атағы мен ауыспалы Кубогін 6505 әскери бөлімінің «Бір үйдің балалары» командасы ұтып алып, 2023 жылғы чемпиондары атанды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтарды бөлім командирлері табыс етті, ал Гран-ПРИ атағын жеке Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков табыстап, ойыншыларды құттықтады.

Айта кетерлік аталмыш іс-шара әскери қызметшілердің ауызбіршілігі мен әскери ортада да ойындарға орын барын насихаттау жолында өткізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.