Қарағанды облысының әкімі дауыс берді
Кеншілер мәдениет сарайындағы №17 сайлау учаскесінде облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауында дауыс берді.
№17 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Құлымбетовтың айтуынша, аталған учаскеде 2178 сайлаушы тіркелген. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық жағдай жасалған.
Аталған учаскеде де дауыс беру процесі тәуелсіз байқаушылардың қырағы назарында екенін айту керек.