Саяси реформалар: жаңару баспалдақтары

Қазір елімізде сайлау додасы қызып келеді. Мұның бұрынғы сайлаулардан өзгерек болып жатқаны кімге де болса айқын сезілуде. Бірақ сөз бұл туралы емес, сол сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістер туралы болмақ.

Е л Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттарды партиялық тізіммен жасақтауда жастар, әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі  заматтарға арнайы квота белгілеу туралы бастама көтерген еді. Қазір сол бастаманың нақты іс жүзіне асқанын көзіміз
көріп отыр.
Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары БАҚ-тарда, әлеужелілерде жан-жақты көрсетіліп жатыр. Солардың қайсысын қарасаңыз да аталған топтың өкілдерін байқауға болады. Бұл тек бір ғана партияға тән көрініс пе? Жоқ. Барлық партия сол талапты қатаң сақтап жүргенін көргенде Президент  астамасының тектен-тек айтылмағаны да, кейін заң талабына айналмағаны да өз-өзінен түсінікті болып шыға келеді. Қоғамдағы әр түрлі топтың бір ортадан табылуы, біріншіден, халықтың бірлік-ынтымағын нығайтады, екіншіден, бұрын тасада қалыңқырап жүретін топ өкілдерінің бойларындағы азаматтық сезімдерін күшейтеді. Ал, үшіншіден, ертең олар Мәжіліске немесе мәслихаттарға барған кезде өздері шыққан топтың тиісті проблемаларын басқалардан терең білгендіктен, сол мәселелерді жиі көтере және қорғай да біледі. Міне, мұндай өзгеріс енгізудің түпкі мақсаты қайда жатыр? Сондықтан мұны жай ғана енгізіле салған өзгерістер десек, қателесеміз. Не үшін керек болғанын және пайдасы қандай екенін айтып отырмыз.

Шынында да, айталық, осыған шейін мүгедек жандардың сайлау додасына тартылғаны есімізде жоқ. Мүмкін, жекелеген округтер арқылы ертеректе сайлауға қатысқан да шығар. Бірақ біздің елімізде соңғы рет мажоритарлық жүйе арқылы депутат сайланбағалы да ширек ғасырға жуықтап қалды ғой. Сол уақыттары партиялық тізімге оларды да енгізіп, Мәжілістен, мәслихаттан орын бергенде қайтер еді? Сол жіберілген қате-кемшіліктердің
бірін ел Президенті жөндеді. Мұнысы ел көңілінен шығып жатыр. Әсіресе аталған топтың өкілдері дән риза. Ендеше жүргізіліп жатқан реформалардың елімізді түбегейлі өзгерістерге бастайтынына неге сенбеске?

Абдолла ДАСТАНОВ,
«Шындық» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы