Елдің ұлы мұраты
Елдің ұлы мұраттарының жүзеге асуына үміт пен серпіліс берген түбегейлі өзгерістер қоғамның барлық құрылымын қамтуда. Қоғамда саяси жауапкершілік пен мәдениет қалыптастырудың бастамасына негіз болған қадамның бірі Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі болды.
Мемлекеттің басты байлығы — адам. Халық дана. Ол әр уақытта өз еркін білдіруге мүдделі және зиялы деңгейде болғаны абзал. ХХІ ғасыр — білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптер игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Соған тиісті жағдай жасалса, нәтижесі берекелі болады.
Ізгілік қағидаты — әр адамның қауіпсіздігін сақтау арқылы қоғамның мүддесін қорғап, «мінсіз қоғам» құру жолында парасатты басшылар, мемлекетшіл қызметкерлердің сапасын арттыру керек.
Осы орайда ұлы дана, ойшыл Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін басты ұстанымға алып, ұрпақтың санасына сіңіруіміз керек дегім келеді.
«Бес нәрседен қашық болып», «бес асыл іске асық болуын» дәріптеп, адамның жетілу жолына түсуі үшін, Абай ілімі бойынша, әуелі салауатты өмір
салтымен материалдық жолды өтуі керек. Адамзат қоғамының өркендеуі олардың осы міндеттерін дұрыс орындауына байланысты. Ендеше ең әуелі әркім сол міндеттерін дұрыс орындауға үйренуі тиіс. Әркімнің өз міндетін дұрыс орындауы адамға жетілу сатысындағы бір деңгейден екінші деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының жүктеген міндеті үлкен, оны мүлтіксіз орындау — бізге парыз. Бұл үшін еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып, Президент тапсырмасын жүзеге асыруда батыл адамдарға барып, заңның салтанат құруына ұйытқы болуға тиіспіз.
Қарлығаш ДҮБІРБЕКОВА, «Сарыарқа дарыны» балаларға
қосымша білім беру аймақтық
ғылыми-практикалық орталығы басшысының орынбасары