Ұлттық ұланға — 31 жыл
1992 жылы тәуелсіздік алған соң, егемен елдің өз әскері құрылды. Содан бері 31 жылдың ішінде құқықтық тәртіп әскері Ұлттық ұлан мемлекеттің ішкі тыныштығын қорғап, азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін қорғап келеді.
1992 жылдың 10-қаңтарында біздер Ұлттық ұланның құрылған күнің тойлаймыз. Кешегі ішкі әскер бүгінгі Ұлттық ұлан елдің берік қорғаны болу жолындағы даңқты дәстүрін жалғастыруда.
Өткен жылдарға қысқаша тоқталатын болсақ:
1994 жылы Ішкі әскерде ірі құрылымдық қайта құру жүргізілді. Бригадалық жүйе құрылды.
1995 жылы 7 сәуірде Пшихавр шатқалында Шымкент құрама ротасының сарбаздары ТМД-ның сыртқы шекарасын күзету кезінде қарсы жақтағы басбұзарларға қарсылық көрсетіп нағыз ерліктің түрін көрсетті. Осы ұрыста 17 жауынгерімізден айырылды.
1996 жылы Ішкі әскердің Туы мен Белгісі тапсырылып, барлық құрамалар мен бқлімдерге Жауынгерлік Ту табыс етілді.
1997 жылы Ішкі әскердің жоғары әскери училищесі Петропавл қаласында ашылып, ел Президенті Жауынгерлік туды тапсырды.
2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері ҚР Ұлттық ұланы болып қайта құрылды.
Ата-бабаларымыздың жауынгерлік, ерлік дәстүрлері бүгінде Ұлттық ұланның қатарында қызмет атқарып жүрген жауынгерлермен жалғасын табуда. Олар өз өмірлерін ажалға тігіп, қайсарлық танытқан жауынгерлер: Ербол Отарбаев, Жандос Баянбаев, Ақылбек Қоңыров, Нұрасыл Мүбәраков, Алтынбек Қабылбеков.
Полковник Қайрат Үмбетов 2016 жылы оқу-жаттығу кезінде өмірін қатерге тіге отырып, сарбазды ажал аузынан құтқарып қалған. Ерлігі үшін Елбасының қолынан «Халық қаһарманы» атағын алды.
Былтыр біз өкінішке орай 30 жылдық мерей тойымызды ел үшін және өздеріміз үшін күрделі жағдайда қарсы алдық. 5 қаңтарда болған террористік шабуыл, халық тыныштығын бұзып ел арасында іріткі туындатты, яғни әкімшілік ғимараттарға, емханаларға, полиция жеке құрамына қастандық жасалды. «Ұлттық Ұлан» сарбаздарының арқасында заң бұзушылықтардың алдын алып, террористік шабуылдарға тойтарыс берілді. Бірақ жаста болса ел тыныштығы үшін батылдықпен өз өмірін қиған сарбаздарымыз қатардағы жауынгер Аманов Айбат Ерболұлы, қатардағы жауынгер Қайсаров Мадияр Оразалиұлы сияқты батырларымызды біз мақтан етеміз, ұмытпаймыз.
Осы орайда айта кететін елдің біртұтастығы мен халықтың тыныштығын сақтауда ұлттық ұлан жауынгерлерінің атқаратын рөлі ерекше. Темірдей тәртіпке бағынған олар күндіз-түні кірпік қапай, жауынгерлік қызметте жүреді. Әскери формаларын киіп, Отан үшін адал қызмет ету – үлкен жауапкершілік жүктейді.
Ұлттық ұланның барлық жеке құрамы бірінші орынға жауынгерлік дайындық пен батылдықты, ержүректікілікті, моральдық, ұлттық Рухты, Намыс пен Жігерді қояды. Қазақстан халқының алдында Әскери ант пен міндетке деген адалдықты көрсетеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұланды «Нағыз ерлік пен патриотизм мектебі» деп атап, жоғары баға берді. Ішкі шебімізді қайтпас қайсарлықпен күзететін күштердің бірі – біз яғни құқықтық тәртіп әскері. Ұлттық ұланға Ел сенеді, Президент сенеді, біздің күшіміз бірлікте, ісіміз тірлікте, Отанға қызметте!
5516 әскери бөлімінің командирі
подполковник Р.Омаров.