БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Балықты тонналап заңсыз аулау, табиғатқа зиян келтіру мәселесі әлі де өзекті. Облыс аумағында елдегі ең ірі су қоймаларының бірі – Балқаш көлі орналасқан. Көз тартар көрінісі ғана емес, алуан түрлі балығы да өзіне баурайды. Сазан, көксерке, ақмарқа, аққайран, ақтабан, жайын, жыланбас – Балқашты мекен еткен су асты байлығы. Алайда, осы байлық жойылып кету алдында тұр.

— Заңсыз балық аулаумен күрес көп жылдан бері жүргізіліп келеді. Көл аумағында рейд жиі жүргізіледі. Мың метрге дейін жететін браконьерлік желілер, жүздеген килограммнан асатын заңсыз ауланған балықтар, тіпті, браконьерлердің өздері де ұсталып жатады, — дейді Балқаш балық инспекциясының бөлім басшысы Денис Әбибеков.

Жыл басынан бері Балқаш балық инспекциясы бөлімінің мемлекеттік инспекторлары балық қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 28 әкімшілік хаттама толтырған. Барлық заңбұзушылықтарды жеке тұлғалар жасаған.

— Салынған айыппұлдардың сомасы жарты миллионнан астам теңгені құрайды. Ал, өндіріп алу мөлшері — 56%. Жыл басынан бері заң бұзушылардан он бірлік заңсыз аулау құралы — жалпы ұзындығы мың шақырымнан астам полиамидті монофиламент пен монофиламенттен жасалған желі тәркіленді. Сонымен қатар, 400 метр иесіз желілер табылды. Оған қоса, заңсыз ауланған балықтың 1,5 тоннасы тәркіленді, — деп мәлімдеді Денис Әбибеков.

Инспектор браконьерлікпен күресті құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, «Браконьер» және «Уылдырық» жедел алдын-алу шаралары аясында жүргізетінін атап өтті.

— Наурызда Орта Дересін ауылының солтүстік-шығыс бөлігінен 10-15 шақырым жерде «УАЗ» маркалы автокөлік ұсталды. Көлікте әр түрлі тұқымды 50 келіден астам балық табылды, келтірілген шығын сомасы 300 мың теңгеден асты. Одан кейін Балқаш көлінің №47 балық кәсіпшілігі учаскесінде салмағы шамамен 150 кг болатын «Тойота-Кариб» маркалы автокөлік табылды. Сондай-ақ, Бертіс шығанағының маңында аспалы моторы бар, өздігінен жүретін жүзу құралында қолдануға тыйым салынған аулау құралымен балық аулаған балықшы ұсталды. Ол 127 келі балық аулаған. Шығын 600 мың теңгеден асты, — дейді бөлім басшысы.

Тыйым салынған балық аулау құралдарын браконьерлердің барлығы дерлік қолданады. Мысалы, полиамидті монофиламент пен монофиламенттің арзан желілері. Олардағы тор ұяшықтары кішірек, яғни ұсақ балықтарды көптеп аулауға болады. Нәтижесінде, ұсақ балықтар көбею мүмкіндігінен айырылады. Бұл балықтың жекелеген түрлерінің санының азаюына әкеледі. —

Балқаш көлінің №48 балық кәсіпшілігі учаскесінде азамат ұзындығы 200 метр полиамидті монофиламент және монофиламент желілерімен ұсталды. Тор ұяшықтарының көлемі – 65*65. Ол жалпы салмағы 71 келі балық аулаған. Шығын сомасы 300 мың теңгені құрады. Келесі күні сол жерде 636 кг заңсыз ауланған балық тиелген «УАЗ-Патриот» маркалы көлік ұсталды. Шығын 1,3 млн теңгеден асты, — деді Денис мырза.

Бөлім басшысының мәлемемесінен белгілі болғандай, жергілікті браконьерлер заңсыз балық аулайтын белгілі бір орын жоқ. Демек, Балқаш көлінің барлық аумағына қауіп төніп тұр. Бір ғана Сарышаған кентінің өзі бүкіл елге «балықтың ошағы» ретінде белгілі. Теміржол станциясынан балықтың кез-келген – ысталған, қуырылған, кептірілген түрін таба аласыз.

«Балық қайдан?» деген сұраққа

— Балық Балқаштан, балықшылардан сатып аламыз. Содан кейін үйде өзіміз ыстаймыз, — дейді вокзал маңындағы саудагерлердің бірі.

Жергілікті тұрғын Лариса Пермякова да оның сөзін растайды.

— Арнайы балық кәсібімен айналысатын ауылдар бар. Бұл ұзақ жылдар бойы қалыптасқан бизнес. Бәрі бір-бірін таниды. Кімнен, не сатып алу керектігі ешкімге құпия емес, — дейді.

Ол балықтан түсетін табыс та аз еместігін, көмекшілерің болса, қалтаңды қалыңдату оңай екенджігін алға тарады.

— Біз де бір кездері балық сатумен айналыстық. Менің немерем маған жақсы көмектесті. Балықтарды сол тазалайтын. Әскерге кеткелі, жалғыз өзіме қиынға соғуда,- дейді тұрғын.

Оның айтуынш ,сатып алушылар басқа аймақтарда тұрады және тауарларды пойызбен өткізуді сұрайды.

Балқаш балық инспекциясы бөлімінің басшысы өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, табиғатты қорғаудағы заңбұзушылықтарды анықтау және болдырмау мақсатында іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отыратынын айтты. Жыл басынан бері 53 рет рейд жүргізілген.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА, QH.