Қанша сәби өмірге келді?

 Жаңа жыл жақсылығымен келді. Адам өмірінің ең жақсы кезеңі – сәби сүю. Биыл еліміздегі перзентханаларда мерекенің алғашқы күнінде 782 сәби өмірге келіпті. Оларың 398-і ұл, 384-і қыз бала. Мереке қарсаңында Қарағандыда 10 бала дүние есігін ашқанын да айта кеткен жөн.

Ресми статистика бойынша, өмірге келген сәбилер саны бойынша Түркістан облысы көш басында тұр. Киелі өңірде бір кеште 115 бала дүниеге келіпті. Ал, екінші орында Алматы қаласы тұр. Оңтүстік астанамыздың тұрғындары жаңа жыл қарсаңында 83 адамға толыққан екен. Үздік үштікті  69 сәби өмірге келген Шымкент қаласы түйіндеді.

Ал, елордамыз Астана қаласында 1 қаңтар күні 60 бала дүниеге келіпті.

Арман АБИЛҚАСЫМОВ,

«QH»