Бас шырша шамдары жарқырайды
Қарағандының бас шыршасындағы шамдар ертең, яғни 23 желтоқсанда жағылады.
Тәуелсіздік алаңындағы мерекелік шара сағат 18:30-да басталады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсім Аяз Ата, Ақшақар, сондай-ақ Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтеді.
Сағат 19.00-де аспан мерекелік отшашумен түрленеді.
Бұл күні қарағандылықтарды Орталық саябаққа шақырады. Мұнда желілік мұз айдыны жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің мерекелік концерттік бағдарламасы көрсетіледі. Басталуы 19:30.