Теміртау ұландары бір кеште кішкентай баланы анасына қайтарып, ұрлықшыны құрықтады…

13 желтоқсан күні Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің сарбаздары Теміртау қаласының қоғамдық тәртібін сақтау үшін қызметке бөлінген еді. Кешкісін сағат 19.25 шамаларында Тәуелсіздік даңғылында орналасқан «АЯН» супермаркетінен белгісіз адам 25 000 теңге құнында тауарларды ұрлағаны жайлы ақпарат түседі. Аталмыш әрекет бойынша әскери қызметшілердің жедел іздестіру шарасында, Теміртаулық 1987 жылғы азамат қолға ұсталады.

«Бізге байланыс құралдары арқылы супермаркеттен бейтаныс адамның тауарларды ұрлағаны жайлы ақпарат түседі. Оқиға орнына бірден жетіп, жақын көшелерді тексеру барысында күмәнді азамат қолға ұсталады, дейді әскери жасақ бастығы ефрейтор Арлан Сейіт.

 

Теміртау полиция департаментінде, аталған тәртіп бұзушылық бойынша ҚР ҚК 187 бабы 1 тармағына сай ( Ұсақ түйек жымқыру) іс қозғалды.

 

Дәл осы кеште, сағат 21.40 шамаларында ефрейтор Серік Сибанбаевтың жасағы Абай көшесінде адасып кеткен 8 жасар баланы табады. Аталған әрекет бойынша, әскерилер жедел іздестіру әрекетімен баланың ата-анасын тауып, қолдарына тапсырады. Аталған әрекеттеріне ата-анасы тарапынан бөлім басшылығына алғыс білдірілді.

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.