Құрметті қарағандылықтар мен қала қонақтары!

Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні және Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай, 2022 жылдың желтоқсан айының 5-13 күндері , Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінде TEDx форматында Алаш зиялыларының еңбектерін дәріптеушілердің қатысуымен Республикалық «Алаш апталығы» өтеді.
7 желтоқсан күні Ұшқын Сәйдірахман — алаштанушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика мәселелерін зерттеу институтының қызметкері дәріс өткізеді.
Уақыты: сағ. 12.00-де
Өтетін орны: Гоголь көшесі, 38. Тарих факультеті.