Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Бүгін 25 қараша жыл сайын әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» халықаралық акциясы атап өтіледі.
▫️❌Осыған орай, отбасын қорғау жөніндегі мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, жұртшылықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған шаралар туралы таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қарағанды облысының аймағында «»Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» ауқымды акциясы өткізіледі.♀️
Акцияның басты мақсаты халыққа отбасы құңдылықтарын насихаттау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін байқасаңыз және оған жол бермес үшін полицияға 102 номеріне хабарласып белсенді азаматтық позицияңызды көрсетуіңізді сұраймыз.