Әскер аруы – Күз ханшайымы…

18 қараша күні Қарағанды облысы Теміртау қаласының «Әйелдер гимназиясында» «Күз ханшайымдары 2022» отбасылық құндылықтарды, салауатты өмір салтын дәріптейтін, мәдениетке, әдемілікке тәрбиелейтін і іс-шара өткізілген болатын. Айтулы іс-шараға Ұлттық ұлан 5516 әскери бөлімінің қызметкері Баян Мусина қызы Арайлыммен  қатысып бас жүлдеге ие болды.

Аталмыш іс-шара Теміртау қаласында жыл сайын өткізіліп тұрады. Басты құндылық отбасыда яғни қыз бала мен ананың арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсу, қыз баланың алдында анасының абыройы биік екені, жастар арасындағы тәлім-тәрбиені жастайынан дәріптеу. Осы орайда, биылғы жылғы Теміртау қаласының күз арулары Баян мен Арайлым болып танылды.

Сержант Мусина Баян Оралқызы-Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінде дүниеге келген. Қазіргі сержант ол кездегі нәзік жанды Баян 2003 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «филология » факультетіне оқуға түсіп, 2007 жылы  қызыл дипломға аяқтайды. Кішкене кезінен бастаған ісіне тиянақты қарап, соңына дейін аяқтағанша дымы қалмайтын, студенттік өмірінде де шап-шаң еді. Дәл осы білім ордасының «Заң»факультетіне 2008 жылы түсіп, 2010 жылы оқуын тәмәмдайды.

2007 жылдың қыркүйек айында Теміртау қаласының 5516 әскери бөліміне мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі нұсқаушы лауазымы на орналасты. Содан бастап еңбек жолы бөлімінде мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін арттырып, өз тілімізді құрметтейуді насихаттап қызметін атқаруда. Болашақ жолдасы Олжаспен қызмет барысында танысып, көп ұзамай мемлекеттің ұяшығын құрамыз деп шешіп, 2011 жылы жастар шаңырақ көтереді. Қазіргі кезде екі баласының әкесі, сенімді қорғаны Примкулов Олжас Баймуратұлы Ұлттық ұлан 5451 әскери бөліміндегі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы бөлімшесінде қызмет атқарады, шені майор.

Қызының тәрбиесі мен дамуына әрдайым қолдау көрсететін анасы осы жолы да бірлесіп қызымен бірге мектеп конкурсына тиянақты дайындалады. Әскери қызметтің ауыртпашылығына қарамастан Баян Оралқызы, мызғымас тәртіп пен қатаң жауапкершілік тек еркекке ғана тән қасиет емес екенін дәлелдеп, 3 апта көлемінде күн сайын қызметтен кейін ән айту, би билеу, түрлі тағамдар дайындау сияқты конкурсқа дайындықпен болды. Ат шаппайды, бап шабады демекші, қазылар алқасының шешімімен өзге қатысушылардан алға шығып, анасы мен қызы жеңімпаз атанады.

Қазіргі кезде  жанұя қыз бен ұлды мәпелеп, тәрбиелеп отыр. Арайлым үйінің тұңғышы, өзінен кейін інісі 3 жасар Даниял бар. жаста.  Арайлым өнер жолын 2 жастан бастап 5516 әскери бөлімінің киелі сахнасынан бастау алып, әрі қарай жетілдіруді жөн көреді. Бөлімнің  әрбір мерекелік шараларының жиі қонағы,  «Дарын» вокалдық ансамблінің солисті, Халықаралық дарынды балалар лауреатының 1 орын жүлдегері.

Арайлым тек ән ғана айтып қоймайды. Ол Теміртау қаласының Глория би ансамблінде би билейді. Үйде домбыра, фортепьянода ойнайды. «Арт сурет салу» студиясына қатысып суретті кәсіби деңгейде салуды үйреніп жүр. Ағылшын тілін меңгеруге  ынта-жігері жоғары. Спектакльдерге қатысып ағылшын тілінде басты рөлдерді сомдайды.  Қыздар гимназиясының 1 сыныбынан бастап тек қана 5 оқиды. Сынып лидері. Ақкөңіл, ойын еркін жеткізе біледі. Осындай қабілеттері мен көзге түсіп бірнеше рет сән жарнамасына суретке тускен. Кішкентай кезінен өзін еркін сезініп нағашы ларына тартқан, дейді сержант Баян Мусина  қызы Арайлым  жайлы.

Кішкентай кезінен зерік болып өсіп келе жатқан Арайлым болашақта көшбасшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы сияқты халықаралық істерге жол көздеп, дипломат болуды армандайды. Дипломат жолында жүріп, өзге де елдерге саяхаттап, еліміздің ресми өкілі ретінде қазақ жұртының идиологиясы мен шекаралас елдермен өзара қарым-қатынас жолында политикалы түрде мықты екенімізді тағы да дәлелдеу, деп нық сеніммен тұжырымдайды Арайлым.

Әрине келешек жол жас ұрпақтың жолында, кішкене кезінен көрген тәрбиесін елге паш етіп, қоғамымызды дұрыстау жолында өніп келе жатқан жастардан артық кім керек?! Осы орайда Арайлымға үлкен өмір жолында ұзақ та бақытты өмір тілеп, інісі Даниал екеуіне ата-анасының тірегі болып, барлық армандарының орындалуына тілектеспіз!!!

 

Аға лейтенант Алияр Дүйсенбай

Қарағанды қаласы.