Қала әкімінің сыйлығына құжат жинау басталды
Қарағанды қаласы әкімінің «Nur Qadam – 2022» жастар сыйлығын алуға құжат қабылдануда. Бұл туралы Қалалық жастар ресурстық орталығы хабарлады.
Сыйлық 14 пен 29 жас аралығындағы Қарағанды тұрғындарына келесі номинациялар бойынша жастар арасында танылған жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін беріледі:
– «Жас жұмысшы»;
– «Отан қорғаушы»;
– «Жас мұғалім»;
– «Жас медицина қызметкері»;
– «Жас волонтер»;
– «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін»;
– «Жас спортшы».
Қатысуға өтінім nurqadam2022@mail.ru электронды мекенжай арқылы 5 желтоқсан күнгі сағат 19.00-ге дейін қабылданады.
Байқау туралы толығырақ +7-708-968-80-58 (WhatsApp) телефоны арқылы білуге болады.