Қарағандыдан келген гвардияшы Азия чемпионы атанды
Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Бельгибай Әділбек Душанбеде өткен аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының (ММА) күміс медалінің иегері атанды. 70,3 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте қазақстандық гвардияшы тәжік спортшысы Масуд Одинаевтан жеңіліп қалды.
Нәтижесінде Қазақстанның қоржынында жеті алтын, сегіз күміс және 10 қола медаль болды.
Аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты (ММА) Тәжікстан астанасы Душанбеде 2022 жылдың 27-30 қазаны аралығында өтті. Құрлықтық біріншілікке 18 елден 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан атынан ММА бойынша ұлттық құраманың 37 мүшесі қатысты.
Жартылай финалға шығу үшін 20 қазақстандық жауынгер шайқасты, олардың 13-і жекпе-жекті жеңіспен сәтті аяқтады.