Күн тәртібінде – кеншілер мәселесі
«АрселорМиттал Теміртау» кеншілер ұжымдарының проблемаларын шешу үшін құрылған келісім комиссиясы жұмысын жалғастыруда. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кеншілердің, кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің және компания басшылығының қатысуымен кезекті отырыс өткізді. Кездесуде қойылған талаптардың орындалуы да, жаңа мәселелер де талқыланды.
Оң динамика бар, бірақ кей сұрақ әлі де ашық қалып отыр. Оларды бірлесіп қалай шешуге болатыны отырыста талқыланды.
Мысалы, Көмір департаментінің кәсіпорындарына тұрақты жұмысқа көп адам қабылданғанына қарамастан, кадр тапшылығын жою мүмкін емес. Сондай-ақ кеншілер жабдықтарды жаңарту, шағын механикаландыру құралдарымен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер көтереді.
– Келісім комиссиясы 2021 жылдың қараша айында жұмысын бастады. Бірқатар талап қалыптасты. Олардың көпшілігі бүгінде орындалды. Бір бөлігі орындалу сатысында. Олар: Көмір департаментінің кәсіпорындарын персоналмен қамтамасыз ету, жабдықтарды жаңарту, шағын механикаландырудың жарамды құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері. Сонымен қатар өмір бір орында тұрмайды, күнделікті жұмыс барысында жаңа сұрақтар туындайды, – дейді «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев. – Мұндай кездесулер қажет, олар кеншілер ұжымдарының мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Біз облыс әкімдігімен және компания басшылығымен тұрақты диалогте отырамыз.
Шахтинск, Саран және Абай ауданының әкімдері кеншілер тұратын өңірлердегі өмірді жақсарту үшін не істелгенін айтып берді. Яғни жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылған және инфрақұрылым жаңғыртылған. Мысалы, Шахтинск қаласында кеншілердің өтініші бойынша Дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.
Кеншілер отбасыларының тұрғын үй мәселесі де шешілуде. Облыс әкімдігі бастамашылық еткен арнайы ипотекалық бағдарлама бойынша бүгінде 112 пәтер сатылып алынды.
Жеңіс Қасымбек компания қызметі жөнінде кездесу алдағы күндері де жалғасатынын хабарлады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі