29 қазан күні Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінде «Елімнің тілі — менің тілім» қалалық байқауы өтті
29 қазан күні Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінде, Республика күні мерекесіне орай, «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының ұйымдастырумен әскери бөлімдердің өзге ұлт өкілдері арасында «Елімнің тілі — менің тілім» қалалық байқауы өтті.
Байқау 4 кезеңнен тұрды. Қатысушылар өз өнерлерімен көрерменді паш етті. Бас жүлдені Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Горизанов Владислав Владимирович иеленді. 2-ші орын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Ращепко Егор Анатольевич , 3- ші орын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ахмедов Мамедке бұйырды.
Әрбір қатысқан қатысушыларымызға шығармашылық табыс тілейміз!