Құрметті халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!

Қазанның соңғы жексенбісінде Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтеді.

Бұл кәсіби мерекеде мейірімділік қажет екенін еске салу жақсы дәстүрге айналды.

Әлеуметтік қызметкердің жұмысы әрқашан өмірлік қиындықтарды жеңетін азаматтарға қолдау мен көмек көрсетумен байланысты.

Қарт адамдар, соғыс және еңбек ардагерлері, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар көмек күтетін жоғары кәсібилігі мен тамаша адами қасиеттері бар, асыл жаны бар адамдар – бұл саланың басты байлығы.

Бүгінде қаламыздың әлеуметтік қорғау жүйесінде 400-ден астам әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың басынан 62 мыңнан астам адамға түрлі әлеуметтік қолдау шаралары мен қызметтер көрсетілді.

Сіздердің қызметтеріңіз зор құрметке лайық. Адал еңбектеріңіз үшін көп рақмет!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және жанұяларыңызға зор денсаулық, амандық, табыс, сәттілік пен өркендеу тілеймін.

Е.Бөлекпаев,

Қарағанды қаласының әкімі