ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАШАН ДА КЕРЕК

Пандемия басталғалы әлеуметтік желі қоғамның қозғаушы күшіне айналды. Әкімдіктің жұмысы да, халықтың оларға берген бағасы да айнадағыдай. Біз шаһар мен аудан басшыларының, орынбасарларының жұмыс сапарларын қадағалап отырмыз. Өткен аптада белсенділік танытқан шенеуіктердің жазбаларын назарларыңызға ұсынамыз.

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Бикенов мырзаның фейсбуктегі парақшасынан:

Қадірлі жерлестер! Еліміздің кей өңірлерін қуаңшылық жайлап, мал азығы болмай жатқанынан баршамыз хабардармыз. Осындай қиын жағдайға тап болған отандастарымызға қол ұшын созып, көмек беруді біздің қаламыздың мешіттері де қолға алды.

Бүгінгі күннің өзінде өңірімізден теміржол қатынасы арқылы төрт түліктің жем азығынан тарығып отырған аймақтарға бірнеше вагон шөп жөнелтілді. Осы игі істі қолдап, өз үлесін қосам деушілер Қарағанды облысының «Әнет баба» атындағы мешітіне барып, тигізер көмегімен бөлісуге мүмкіндігі бар.

Ел басына түскен қиындықтарды бірге еңсеріп, бірбірімізге қамқор болайық ағайын!

Кеше ғана Қорғаныс департаментінің әріптестері және қалалық штаб еріктілерімен бірге Серікбаевтар отбасына барып, 1942 жылғы 7 тамызда Калинин облысы Ржев ауданы Бельково ауылының маңында шайқаста қаза тапқан қызыл әскер Серикбаев Смағұл Көбенұлының жеке заттарымен салынған планшетті табыс еттім.

Жерлесіміздің мәйітін Мәскеу қаласындағы Пионер жасағы тауып, заттары салынған планшетті Нұрсұлтан қаласындағы «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігіне берген. Олар Қарағандыдағы туыстарына табыстады.

Бұл планшет Серікбаевтар отбасының жәдігері, ал қала үшін Ұлы Отан соғысы майданында жеңіске жеткен қарағандылықтар туралы тағы бір естелік белгі болып табылады.

Қазыбек би ауданының әкімі Нұрлан Рыстин мырзаның фейсбуктегі парақшасынан:

Бүгін Орлов, Крылов, Аманжолов көшелеріндегі балалар алаңдарын орнату жұмыстарының барысымен таныстым.

Биылғы жылы тұрғындардың пікірін ескере отырып,балалар ойын алаңдарының ауданы 100-ден 300 шаршы метрге дейін 3 есеге ұлғайды, сондай-ақ элементтер саны 6-дан 13-ке дейін артылды – бұл балалар ойын кешендері, тренажерлер, әткеншектер, карусельдер.