30 жылдық қарқынды даму жолы
Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Сүйегін қазық етіп қағып, қанымен шекара сызған ата-бабаларымыздың ұлық арманы орындалып, еліміздің көгінде азаттық туы желбіреді. Әлем аренасына жас, тәжірбиесіз және дайындықсыз шыққан қазақ елі үшін тәуелсіздіктің алғашқы кезеңі әсіресе қиын болды. Бұл уақытта Қарағанды қаласы да енді өсіп, өркендеп келе жатқан еді.
1990 жылдары еліміздегі дағдарыс кезеңіне катысты кала экономикасы да біршама токырады. Сол кездегі елдің көптеген өңірлеріндегідей, Қарағанды қаласында да үлкен хаос орын алды. 90-жылдардың басында дүкен сөрелері қаңырап бос тұрды. Жұмыс орындарында жаппай қысқарту басталды. Халықтың басым көпшілігі қызметінен айырылып, жұмыссыз қалды.
Қысқарту мен қарапайым ақшаның болмауына байланысты адамдар нарыққа сауда жасауға шықты. 1996 жылдары бірнеше күн электр қуаты болмай, тұрғындар көшеге шығып, от жағып, тамақ дайындауға мәжбүр болды. Жергілікті тұрғындардың бір бөлігі үйлерін тастап, шетел асса, екіншілері ішімдікке салынып, зиянды әрекеттер қатарын көбейте түсті.
Экономика жөніндегі калалык комитет жұмысының негізгі бағыты — мемлекеттік дағдарыска карсы бағдарлама және каладағы әлеуметтікэкономикалык реформаларды жүзеге асыру болды. 1997 жылдары Қарағанды өңірінде «Сарыарқа нан», «Нәтиже» тағы да басқа отандық өнімдер ел игілігіне ұсыныла бастады.
2000 жылдан бастап кала дамуының жаңа жоспары қабылданды. Оңтүстік-Шығыс ауданында этносаябақ ашылды. 2004-2005 жылдары қала өміріндегі жаңа бір кезең мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылдануымен байланысты болды. Осы бағдарлама негізінде қала көшелерінде жаңа ескерткіштер бой көтерді.
Қалада жалпы саны 47 медициналык мекеме жұмыс істеді. Олардың ішінде 37 емдеу-профилактикалык нысандар, 20 аурухана, 12 амбулаториялык-емхана, 3 санаторий, 2 балалар үйі болды.
Білім беру саласына келсек, жалпы білім беретін 80 мектеп жұмыс істеді.
Ғылыми-зерттеу және жобалау институттары — «Черметавтоматика», «Фитохимия» институты, «Химия-металлургия» институты және тағы басқалары. Ал қаланың жетекші жоғары оқу орындары қатарына -Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды техникалық университеті, Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды медициналық университеті кірді.
«М.Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау» зауыты, «№1 машина жасау» зауыты, «Қарағанды каласы машина жасау» зауыты, «Қарағандынеруд», «Қарағанды электротехникалық жабдықтар» зауыты, «Қарағанды металл бұйымдары» зауыты, «Имсталькон» және т.б. кұрылыс, машина жасау, металлургиялық кәсіпорындары – экономикалық өсудің негізгі орталығы мен «түпқазығы» деп көзделді.
Қалада 2484 көпқабатты үй болды. Олардың 1458-і Қазыбек би ауданында, 1025- і Октябрь ауданында орналасты. Осы секторға инвестициялар тарту максатында «Менің аулам» бағдарламасы әзірленді. Сол себепті, қаланы басқарудың әкімшілік және іскерлік белсенділіктің негізгі орталықтары Оңтүстік-Шығыс ауданына көшірілді.
Сондай-ақ, Қарағанды темір жол торабын түбегейлі жаңғырту, оны халықаралық темір жол байланысы жүйесіне біріктіру көзделді. 2015 жылға қарай электрлендірілген темір жол ұзақтығы 422,4 шақырымды кұрады. Бұдан бөлек, Қарағанды қаласы мен облысының әуе тасымалына «Сары-Арқа» Қарағанды әуежайы кызмет көрсетуде. Ол қаладан 18 км кашыктықта орналасқан. Жолаушыларға кызмет көрсететін әуежай 1300 адамға есептелген.
2017 жылы кала экономикасының накты секторы қарқынды дамыды. Тау-кен өндірісі саласында «Гефест» КТ кәсіпорындары және Костенко атындағы шахта бойынша көмір өндіру көлемін арттыру есебінен 2016 жылға 35,3% өсім камтамасыз етілді. Оң динамикаға «Қарағанды-Нан корпорациясы» ЖШС, «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС, «Эфес Қазакстан» ШК» АҚ, «Фармация- 2010» ЖШС, «Карагандастройконструкция» ЖШС «Эгофом» ЖШС кәсіпорындары есебінен қол жеткізілді.
Бұл уақытта 131 мемлекеттік және 50 жеке меншік білім беру ұйымдары жұмыс істеді. 2017 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі айтарлықтай ұлғайды, жаңадан 19 жекеменшік балабақша ашылды.
Қала дамуы жоспарында құрылыс жұмыстарына аса назар аударылды. Айта кетсек, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында Б.Момышұлы шағын ауданында 24 қабатты жеті тұрғын үйдің (Трилистник) кұрылысы және Оңтүстік-Батыс ауданында бес 9 қабатты үйдің кұрылысы басталды.
Аулаларды абаттандыру бағдарламасы аясында 2017 жылы қаланың шағын аудандарында 8 спорттық алаң орнатылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Олимпиада Комитеті 4 «Street Workout» алаңын орнатты, «Аманат Арена» футзал орталығының кұрылысы аяқталды, «Қарағанды Арена» мұз сарайының сыртындағы жаттығу мұз айдынының да құрылысы аяқталды.
Осылайша, өңіріміз жылдан жылға үздік нәтижелер көрсетіп, даму сатысында ілгерілей бастады. 2018 жылғы мәліметтер бойынша қала аумағында 501, 3 мыңнан астам адам тұрды. Қала бюджетінің жеке кірісі 2016 жылмен салыстырғанда 17,2% артты.
2019 жылы қала кәсіпорындарымен өндірілген өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 386, 5 млрд теңгені немесе 2018 жылдың көрсеткішіне 104,8% құрады (2018 жылғы факт млрд теңге). Ірі және орта кәсіпорындар бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 249,7 млрд теңгені құрады.
2020 жылға арналған өнеркәсіп көлемінің жоспары 401,5 млрд теңгеге жоспарланды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайту жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жоспарланды. Мысалы: «ҮDD Согрогаtіоn» ЖШС — Қарағанды қаласының ферросилиций өндіру зауыты, «Қарағанды целлюлоза-кағаз комбинаты» ЖШС — макулатураны қайта өңдеу және целлюлоза өндірісі. Сондай-ақ, экономикалық өсуді қамтамасыз ететін 42 ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның тұрақты жұмысы мен 30 іске қосылған инвестициялық жобаларды атап өтуге болады. Бұдан бөлек, сауда саласын дамыту және қызмет көрсету үшін «Global city» көтерме-тарату орталығының іске қосылуы оң әсер етті.
Қаладағы мәдени нысандар желісіне 3 аудандық мәдениет үйі -«Теміржолшылар» МҮ КМҚК, «Жаңа Майқұдық» МҮ КМҚК, «Жастар» МҮ КМҚК; «Локомотив», «Жастар» спорттық кешендері және 39 аула клубы бар «Шахтер» стадионы; Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы және «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры, К.Станиславский атындағы драма театры, Академиялық музыкалық комедия театры; қорында 134 810 экспонаттары бар Қарағанды облыстық тарихиөлкетану музейі; Экологиялық мәдениетті дамыту мен сақтауға мамандандырылған Қарағанды экологиялық музейі кіреді.
Өңірімізде спорт саласы да айтарлықтай дамыды. Қаладағы спорт нысандарының желісі стадиондар мен спорт сарайларын, спорт орталықтарын және кешендерін, спортты және жаттығу залдарын қамтитын 823 спорт құрылымынан тұрады.
Қарағандының спорттық өміріндегі маңызды оқиғалардың қатарына Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Saryarqa» үстел теннис орталығы, жаңа Теннис орталығының ашылуын жатқызуға болады.
Алдағы уақыттағы барлық іс-шаралар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарай орайластырылуда.
Болашақта қаланы дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар жоспарланған. Жаңа белестерді бағындыру, пайдалы жобаларды іске асыру, ел тұрмысын жақсарту басты міндет болып табылады.
Аружан АЛПЫСБАЙ,
«QH»