3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Соңғы 10 жылда қалада кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша ауыл шаруашылығын қайта өңдеу, машина жасау, тау-кен металлургия өнеркәсібі, резеңке, пластмасса бұйымдары өндірісі және т.б. салалар бойынша 33 жоба енгізілді. Аталған жобалардың инвестициясы 174 млрд. 824 млн. теңгені құрады, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Жыл соңына дейін екі жобаны іске қосу жоспарланған: «Asia FerroAlloys» ЖШС агломерациялық фабрикасының II кезеңі. Жобаның жалпы сомасы 14 млрд. 918,0 млн. теңге.
Сонымен қатар «YDD Corporation» ЖШС зауытында 4 пеш іске қосылып, қуатты арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, 143,5 млрд.теңге соманы құрайтын 13 инвестициялық жобаның тізбесі қалыптастырылды. Ағымдағы жылы 4 жоба іске асырылатын болады.
Қазіргі уақытта «Нәтиже тәтті» ЖШС ұн және кондитерлік өнімдер шығаратын жаңа зауытты іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде, өндірісті тамыз айының соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.
Қыркүйек айында «Қарағанды мелькомбинаты» ЖШС өз жұмысын бастайды, онда майлы дақылдарға арналған сыйымдылығы 7 мың тоннаға дейінгі астық қоймаларының құрылысы және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Болашақта өсімдік майының өндірісін кеңейту және қуаттылықты тәулігіне 4 тоннадан 20 тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.
«Борусан Макина Қазақстан» ЖШС — сервистік және құрастыру цехы салынып, өндірістің басталуы ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
«Трубпром» ЖШС ҚФ полиэтилен құбырларын өндіру зауытында құрылыстың 2 кезеңі аяқталуға жақын. Іске қосу желтоқсан айына жоспарланған.
Тек осы жобалар бойынша 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
«Карагандыстройконструкция» ЖШС қуыс плиталар, қадалар, маңдайшалар өндірісі, «Ferrum Beton Prodacts» ЖШС темірбетон бұйымдары мен газ блоктары зауытының құрылысы, «ЖаңаLAB» ЖШС сынамалық — талдау зертханасының құрылысы, «QAZCLINCER» ЖШС клинкер плиткаларын өндіру және т.б. сияқты қалған жобалар 2026 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Қарағанды қаласы әкімі Ермағанбет Бөлекпаев