Қарағанды қаласы Октябрь ауданының прокуратурасының 2021 жылғы қадағалау қызметінің нәтижелері
Ағымдағы жылы негізгі күш заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қылмыспен күреске бағытталды.
Әлеуметтік-экономикалық салада заңсыз төленген салықтарды қайтару арқылы мүмкіндігі шектеулі 94 адамның құқықтары қалпына келтірілді.
Заңсыз нормативтік құқықтық актінің күшін жою нәтижесінде қалада 16 мыңнан астам баланың құқықтары қорғалды.
Қала әкімдігі жаңа қаулы шығарды, оған сәйкес, балабақшаларда балаларды жан басына қаржыландыру ұлғайтылды.
Бизнесті қорғау бөлігінде тұрақты жұмыс жүргізілді.
Осылайша салық органы көмір өндірумен айналысатын серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тартып, 893 млн теңге көлемінде айыппұл салды.
Мемлекет бюджетіне 228 млн теңгеден астам қаражат өтелді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 2,5 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл өндірілді.
Жалақы бойынша берешектің 50 млн теңгеден 7,6 млн теңгеге дейін төмендеуіне қол жеткіздік. «Оптим кран» ЖШС-на берешек толық өтелді, «Ирбис KZ» ЖШС-на ішінара төленді. 7 млн теңге сомасында бюджет қаражатын заңсыз жұмсаудың алдын алды.
Сот орындаушыларымен жүргізілген жұмыс нәтижесінде алименттік берешек 112 млн теңгеге төмендетілді, қадағалау актілері бойынша 6 млн теңгеден астам өндірілді, 27 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, 4 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 90 борышкер жұмысқа орналастырылды.
Қадағалау актілері бойынша атқарушылық құжаттар бойынша мемлекет кірісіне 21 млн теңгеден астам қаржы өндірілді.
Алаяқтықпен күрес желісі бойынша 113 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, осы санаттағы ауыр және аса ауыр қылмыстардың 91%- ын ашуға қол жеткіздік. Полиция бөлімдерімен және әкімдікпен бірлесіп үлкен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Полиция бөлімдерінде заңда белгіленген мерзімнен артық заңсыз ұсталған 3 адам босатылды.
Прокуратураның үйлестіру рөлінің арқасында бүкіл республика бойынша есірткі сатумен айналысқан халықаралық ұйымдасқан қылмыстық ұйым әшкереленді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
15 есірткі қылмысы ашылды, тергеу сатысында 28 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
Күн сайын өтініштер бойынша жұмыс жүргізіледі.
Аудан прокуратурасына 534 азаматтан өтініш келіп түсті, жеке қабылдауда 101 азамат қабылданды.
Ержан ҚОШАНОВ,
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ АУДАН ПРОКУРОРЫ.