1500 әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру жоспарлануда
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 33 бабы 1) тармақшасына сәйкес Қорғаныс министрлігі «2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығын әзірледі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Даярлау, қайта даярлау және білімін жетілдіру, сондай-ақ қажетті жауынгерлік даярлық деңгей мен өздерінің міндеттері бойынша іс жүзіндегі машықтарды қолдау үшін шамамен 1 500 әскери міндеттіні шақыру жоспарланып отыр.
Әскери жиындар 2007 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Жалпы жиын 30 күнге созылады.
Бұйрық жобасының мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 13 ақпанына дейін танысуға болады.