Жігер Алматай әлем чемпионы атанды

19-21 желтоқсан аралығында Мәскеуде джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Оған Қазақстан құрамасының қатарында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті Жігер Алматай да қатысты.

Жерлесіміз 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Осы салмақ дәрежесінде барлығы 16 спортшы бақ сынасты. Жігер 10 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жетіп, Әлем чемпионы атанды.

Бұл қарағандылық студенттің спорттық мансабындағы ең үлкен турнир әрі сәтті дебют болды.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,

«QH»