«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Қазақстанда «Наурыз» мемлекеттік ипотекалық бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау бүгін Отбасы банк арқылы қолға алынды. Бағдарламаға қатысуға ниетті азаматтар өтінімдерін 31 наурызға дейін тапсыра алады.
Бағдарлама талаптарына сәйкес, үміткердің банктегі депозитінде кемінде екі миллион теңге жинағы болуы және соңғы бес жыл ішінде меншігінде тұрғын үй болмауы тиіс. Сонымен қатар бастапқы жарна 20 пайызды құрайды, ал ипотекалық қарыздың ең жоғары сомасы 36 миллион теңгеге дейін белгіленген.
Отбасы банк мәліметінше, өткен жылы «Наурыз» бағдарламасы аясында сегіз жарым мыңға жуық ипотекалық қарыз берілген. Қатысушылардың 70 пайыздан астамы дайын әрленген пәтер сатып алған.


